• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Маусым, 2023

Fake: Шүлбі ГЭС-іне қауіп төніп тұрған жоқ

1968 рет
көрсетілді

WhatsApp мессенджерлерінде Абай облысындағы орман өрті Шүлбі су электр станциясына қауіп төндіріп жатыр деген ақпарат тарады. Абай облысының әкімдігі осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл жалған ақпарат.  Қазіргі уақытта Шүлбі ГЭС-іне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында», деді жергілікті әкімдік.

Абай облысы әкімдігі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Ведомство тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.