• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 12 Маусым, 2023

Семей орманындағы өрттің мән-жайын арнайы комиссия анықтайды

428 рет
көрсетілді

Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ аумағында өрт салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын тергеу үшін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Комиссия ормандағы өрттің шығу себебі мен оған кінәлілерді анықтау мақсатында егжей-тегжейлі зерттеу жүргізеді. Сондай-ақ келтірілген шығындарды есептеп, зардап шеккендер мен көз жұмғандардың отбасына көмек көрсету шараларын ұйымдастырады.

Арнайы Үкіметтік комиссия жұмысты 10 жұмыс күні ішінде аяқтайды деп болжанып отыр. Тергеу нәтижелері алдағы уақытта хабарланады.