Абай облысындағы ірі орман өрті төрт күннен бері сөндіріліп жатыр. Өңірде сақталып отырған жоғары ауа температурасы мен жел жалынның басқа аймақтарға таралуына себеп болып отыр. Осы орайда «Қазгидромет» РМК синоптиктері жауын-шашынға қатысты болжамдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандар Семейде қандай ауа райы болатынын да айтты.
«Семейде күн құбылмалы болады, бірақ жауын-шашын жаумайды. Солтүстіктен солтүстік-шығыстан екпіні 7-12, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Күндіз ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +30+32°С болады», дейді синоптиктер.