Абай облысындағы орман өрті төрт тәуліктен бері басылмай тұр. Желіде өрттің тағы бір видеосы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Екпіндеп соққан жел тілсіз жауды сөндіруге ырық бермей тұр. Өрт лебі 100-150 метр жерден жақындатпай шарпып жатыр», дейді видео авторы.
Айта кетейік, Абай облысындағы алапат өрттен орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.
Мемлекет басшысының жарлығымен 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.