Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында бес жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, қылмыс 13 маусымда жасалған. Қозғалған қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот сарапшылары тағайындалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1 - бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етіілмейді», делінген хабарламада.