Әлеуметтік желіде ормандағы өрттің өршіп тұрғаны бейнеленген жазбалар тарап жүр. Алайда Абай облысының әкімдігі бұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті әкімдік өкілдері айтып өткендей, өрт аумағы біршама азайған. Жағдай бақылауда. Жақын маңдағы елді мекендерге ешқандай қауіп тұрған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі үш бағытта жүргізіліп жатқан өрт сөндіру жұмыстары қарқын алып, негізгі өрт ошақтары ауыздықталғанын мәлімдеді.
Айта кетсек, Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар мен Қорғаныс министрлігінен 1800-ден астам адам мен 350-ге жуық техника жұмылдырылған.