Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Абай облысындағы өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ринат Зайытов оқиға болған жерге барғанын айтып, Мәжіліс отырысынан кейін қазіргі жағдайға байланысты пікір білдірді.
«Өртті әлі сөндіре алмай жатыр. Бәрі жаңбырдың жауғанын күтіп отыр. Басқа іс-әрекет істейін десе, техникамен толық қамтамасыз етілмеген. 15 орманшы өрттің қандай деңгейде екенін білмеген. Өйткені, оларда не дрон жоқ, не диск құралы жоқ. Жалаң қолымен барып, содан қаза тауып отыр. Сондықтан бұл жағдай көп зерттеуді қажет етеді. Бұның саяси себеп-салдарын, кінәлі адамдарды анықтау керек. 15 адамның қанын төгіп, осындай жағдайға жетіп отырғанымыз өкінішті...», деді Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов.