• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 14 Маусым, 2023

Президент Бас прокурордың Абай облысындағы өртке қатысты есебін тыңдады

275 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокурор Берік Асылов еліміздегі заңдылықтың сақталу жағдайы мен жүргізілген қадағалау жұмыстары туралы есеп берді, деп хабардайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берік Асылов Абай облысындағы өрт дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жөнінде баяндады. Бас прокурордың орынбасарының басшылығымен құқық қорғау және арнаулы органдардың тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі.

Мемлекет басшысына резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу және қоғам мүддесін қорғау жөніндегі жұмыстардың қорытындысы туралы да мәлімет берілді. Әлеуметтік-экономикалық салаларды тексеру нәтижесінде 11 мың адам түрлі деңгейде жауапқа тартылды. Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін бюджетке 10 миллиард теңге қайтарылды. Сотта 15,2 миллиард теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнесті қорғау және маңызды инвестициялық жобаларды қолдау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы да баяндалды. Атап айтқанда, Бас прокуратураның бастамасымен 2 мыңға жуық кәсіпкерге заңсыз тексеру жүргізуді көздеген әртүрлі министрліктің 9 бұйрығының күші жойылды. Сондай-ақ 2,5 миллиард теңге өндіріп алу жөніндегі 21 мың салық бұйрығы заңсыз деп танылды.

Сонымен қатар Бас прокурор Президентке қылмыстық ахуал және қылмыстық-құқықтық саладағы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Абай облысындағы өрттің мән-жайын объективті түрде тергеу маңызды екеніне тоқталып, еліміздің әлеуметтік және экономикалық салаларындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.