14 маусым сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерваты аумағындағы табиғи өрт оқшауланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, негізгі күш-жігерді жергілікті жану ошақтарын сөндіруге және жаңаларының пайда болуына жол бермеуге шоғырландыру үшін күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді.
Министрлік өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетін топырақпен толтыру жүзеге асырылатынын айтты.