Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Ноттингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен қытайлық Сюй Ифань ширек финалда грузиялық Натела Дзаламидзе - америкалық Сабрина Сантамариямен шеберлік сынасты.
Қазақстандық-қытайлық жұп 5:7, 7:6 (12:10), 10:7 есебімен жеңіске жетті.
Екі сағатқа созылған тартысты матчта олар 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.
Анна Данилина мен Сюй Ифань финалға шығу үшін норвегиялық Ульрикке Эйкери – эстониялық Ингрид Нилмен бақ сынасады.