Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елордадағы Kaspi банк бөлімшесінде болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мен банкті басып алған адаммен сөйлестім. Қазір тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендер жоқ», деді Ішкі істер министрі.
Кепілге алынғандарға келетін болсақ, оларды дәрігерлер тексеріп жатыр.
Министрдің айтуынша, банк қызметкерінің ешқайсысы зардап шекпеген.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, оқиға кезінде шулы граната қолданылған.