• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 21 Маусым, 2023

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

253 рет
көрсетілді

Синоптиктер 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада

Сондай-ақ синоптиктердің айтуынша, ел аумағында бұршақ жауып, жел күшейеді.