• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Маусым, 2023

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Қытайда жүлделі болды

303 рет
көрсетілді

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатында екінші орын алды. Әзірге бұл  Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан құрлықтық чемпионаттағы жалғыз жүлде болып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құрама шешуші белдесу жолында Филиппинді - 45:37, Өзбекстанды - 45:40 және Оңтүстік Кореяны 42:36 есебімен жеңді. Командалық семсерлесу жарысында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай күміс жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан атынан 19 спортшы қатысып жатыр. Турнир 22 маусымда аяқталады.