• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Маусым, 2023

Іскерлік қатынас жайы талқыланды

189 рет
көрсетілді

Таяуда өткен «Польша – Қазақстан» сауда-инвестициялық форумы алаңында екі ел арасындағы іскерлік қатынас жайы талқыланып, сауда-экономикалық байланысты берік ете түсудің жолдары қарастырылды.

Польша – Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасында Қазақстан­ның жетекші сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі. 2022 жылы өзара сауда көлемі – 1,36 млрд доллар, оның ішінде қазақстандық экспорт – 771 млн, Польшадан импорт 587,5 млн долларды құраған. Польшадан ел экономикасына тікелей инвестициялардың жалпы ағыны – 75 млн доллар. Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам поляк компаниясы жұмыс істейді.

Форумның мақсаты – Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-эко­номикалық, инвестициялық ынтымақ­тастықты жандандыру, екі елдің іскер серіктестері арасында қолданыста­ғы және жаңа тікелей байланыстарды нығайту. Шара аясында біздің делегация поляк компанияларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткіз­ді. Польшаның өнеркәсіптік даму агент­тігімен кездесу барысында метал- ­лургия, тау-кен және машина жа­сау өнер­кәсібі, тоқыма өндірісіндегі ынты­мақтастық мәселелері талқыланды.

Польшаның өнеркәсіптік даму агенттігі – 100 пайыз мемлекеттік басқарушы холдинг және өнеркәсіпті дамыту институты. Компания елдің негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындарының акцияларын басқарады (90-нан астам ірі поляк өнеркәсіптік компаниялары).

Форум барысында әсіресе, машина жасау саласы кеңірек талқыланды. «Сауда және өнеркәсіп секторындағы ынтымақтастық әлеуеті» панельдік сессиясы аясында Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев отандық машина жасау саласының дамуы туралы айтып берді.

«2022 жылдың қорытындысы бо­йынша саладағы өндіріс көлемі 9 па­йызға ұлғайды. Негізгі капиталға салын­ған инвестициялар 10 пайызға өсіп, 258 млн долларды құрады. Маши­на жасау өнімінің экспорты 2 есе артып, ақшалай мәнде 3,8 млрд доллар бол­ды», деді М.Пішембаев.

Бұдан бөлек, отандық IT-компа­ниялар мен ұйымдар үшін сybersecurity, fintech, biotech, medtech, agrotech, software, deep tech, robotic, gaming, AI сала­ларында поляк серіктестерімен B2B кездесулер ұйымдастырылды, сон­дай-ақ инвесторлар алдында IT және High tech жобаларын таныстыру және воркшоптар мен ақпараттық сессияларға қатысу мүмкіндігі берілді.