• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Маусым, 2023

Шымкентте кортежге қатысқан 9 жүргізуші жазаланды

202 рет
көрсетілді

Қалалық ПД жедел басқару орталығының полицейлері бейнебақылау камераларының көмегімен Арғынбеков көшесі бойында жол ережесін өрескел бұзған көлік кортежін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізушілерді тоқтату үшін көшені екі жағынан жауып тастаған. Нәтижесінде жеңіл көліктің 9 жүргізушісіне қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жол апаты жағдайын туғызғаны және жолдарды, жол құрылыстарын бүлдіргені үшін кортеждің тағы екі жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 597-бабы, 602-бабы бойынша Lada-21900 жүргізушісіне хаттама толтырылды. Ол бір уақытта көлік құралдарын пайдалану ережелерін, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзып, сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану ережелерін бұзды.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін айыппұл тұрағына қойды.