Алматыдағы Желтоқсан көшесінің бірқатар учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды, Egemen.kz
«23 маусым түнгі сағат 22:00-ден 26 маусым таңғы сағат 7:00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында Батыс Желтоқсан көшесі бойынша Ганди көшесінен оңтүстік бағытта Желтоқсан көшесі, 191 үйге дейін екі бағытта көлік қозғалысы шектеледі», деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-ні.
Уақытша шектеулер аталған көшенің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральды құбырды қайта қалпына келтіруге байланысты енгізіліп отыр.