Монғолияда өткен Grand Slam турнирінде Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абылайхан Жұбаназар 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Отандасымыз Ресей спортшысы Доминик Ресселмен және Моңғолия дзюдошысы Буянцагаан Эрденебатпен белдесті.
Алайда Абылайхан Жұбаназар ширек финалда жапониялық Кения Охараға есе жіберіп алды. Абылайхан моңғолиялық Молд-Очир Герелтуяны жеңіп, нәтижесінде қола жүлдеге ие болды.