1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары 100 пайыз тегін тамақтанады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін тек 7 облыста бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген болатын.
1-4 сынып оқушыларына 100 пайыз тегін тамақ беру жоспары туралы бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтқан болатын.
«Енді Мемлекет басшысының 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында 1-4-сынып оқушыларын 100% мектеп тамағымен қамту жоспарланып отыр. Президенттің бұл бастамасы өз кезегінде балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз. Көптеген зерттеу осындай шешімдердің пайдалы екенін көрсетіп отыр», деп жазған еді Асхат Аймағамбетов.