• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Маусым, 2023

Ресей ҰҚШҰ көмегіне жүгінді ме? ҚР СІМ жауап берді

232 рет
көрсетілді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында Ресейдің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан ресми түрде көмек сұрамағанын алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айбек Смадияров РФ Сыртқы істер министрлігі Вагнер ПМК мүшелерінің әскери көтерілісі кезінде көмек сұрамағанын атап өтті.

«Ресми түрде - жоқ», деді ҚР СІМ өкілі.

Еске сала кетсек, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында «Вагнер» ПМК мүшелері әскери бүлік шығаруға әрекеттенген еді. Бұл туралы әскери рота басшысы Евгений Пригожиннің хабарламаларынан кейін белгілі болды.