«AMANAT медиа сыйлығы – 2023» журналистер арасындағы республикалық байқау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін, 26 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында «AMANAT-2023» медиа сыйлығына ие болған ақпарат арғымақтары салтанатты түрде марапатталды.
Биыл «AMANAT -2023» медиа сыйлығы байқауы 10 номинация бойынша өтті. Олар:
1. Еліміздегі реформалар туралы үздік материал;
2. Еңбек адамы туралы үздік материал;
3. Аймақ туралы ең үздік материал;
4. Рухани-мәдени даму туралы үздік материал;
5. Жастар туралы үздік материал;
6. Алаш қозғалысы туралы үздік материал;
7. Азаматтық борыш туралы үздік материал;
8. Мағжан Жұмабаев атындағы «Сөз зергері» сыйлығы;
9. Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;
10. «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы.
Айта кетсек, Мағжан Жұмабаев атындағы «Сөз зергері» сыйлығын «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Байқал Байәділ жеңіп, 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды.