• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Маусым, 2023

Елімізде қазақ баспасөзінің күні белгіленді

461 рет
көрсетілді

2 ақпан - Қазақ баспасөзінің күні болып белгіленді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» көрмесінің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сүйінші бір жаңалығымызды айтқым келіп отыр. Біз қыс мезгілінде «Қазақ» газетінің дүниеге келген 2 ақпан күнін Қазақ баспасөзінің күні деп жариялау туралы бастама көтерген едік. Сол ұсыныс қабылданды. Журналистер күні аясында жариялануы керек. Бұдан былай 2 ақпан – Қазақ баспасөзінің күні болады. Біздің жүріп өткен жолымыз бізді болашаққа апаратын жол», деді Дархан Қыдырәлі.