5 шілдеге дейін қайырымдылық саласында құрметті атақ беру конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Конкурсқа қайырымдылықпен жеке немесе ұйым құрамында (қайырымдылық немесе бизнес құрылым) айналысатын жеке тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жолдай алады.
Құрметті атақтар беруге өтінімдер zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайға қабылданады. Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) өткізуге болады.