• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Шілде, 2023

Доллар бағамы белгілі болды

540 рет
көрсетілді

Ұлттық банк доллардың 1 шілдеге арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 452,51 теңге. 30 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге төмендеп, 452,26 теңге болған.

Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449 - 453 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 450 - 453 теңге аралығында құбылып тұр. Еліміздің өзге өңірлерінде 450 - 455 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банк бекіткен Ресей рублінің бүгінгі бағамы - 5,14 теңге.