• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 04 Шілде, 2023

Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға бөлінген гранттар саны бекітілді

327 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау мақсатында жыл сайын магистратура бағдарламаларына 120 грант, докторантура бағдарламаларына 12 грант бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік  басқару академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еліміздегі мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау кезеңі аяқталды.

2023-2024 жылдарға құжат қабылдау 3 сәуірден бастап 29 маусымға дейін admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді. Жүйеге барлығы 1410 адам тіркелді, 890 адам конкурсқа жіберілді, олардың ішінде 855-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін конкурсқа түседі.  

Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында магистратура бағдармалары бойынша конкурсқа жіберілгендер саны:

«Мемлекеттік саясат» – 295;

«Өңірлік даму» – 221;

«Адами ресурстарды басқару» – 134;

«Экономика» – 104;

«Мемлекеттік басқару» – 63;

«Халықаралық қатынастар» – 11.

Докторантура бағдарламалары бойынша конкурсқа жіберілгендер саны: 

«Экономика» – 3;

«Халықаралық қатынастар» – 5;

«Мемлекеттік басқару» –  19 үміткер.

Академияда оқуға құжат тапсырғандардың басым бөлігі – жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер.

Жергілікті атқарушы органдар – 452;

Орталық мемлекеттік органдар – 213;

ОМО аумақтық бөлімшелері – 175;

Жергілікті өкілді органдар – 15. 

Қабылдау комиссиясының шешімімен гранттар келесідей бөлінді:

Магистратура бағдарламалары бойынша:

«Мемлекеттік саясат» – 35;

«Өңірлік даму» – 26;

«Адами ресурстарды басқару» – 16;

«Экономика» – 15;

«Мемлекеттік басқару» – 21;

«Халықаралық қатынастар» – 7.

Докторантура бағдарламалары бойынша:

«Экономика» – 1;

«Халықаралық қатынастар» – 2;

«Мемлекеттік басқару» – 9.

Конкурстық іріктеу докторантураға үш кезеңнен, ал магистратураға екі кезеңнен тұрады:

«Зерттеу жұмысы жоспарының жобасы» 5-14 шілде (тек докторантураға құжатты тапсырғандар үшін); «Аналитикалық эссе» жазу кезеңі 5-14 шілде; «Сұхбаттасу» 17-31 шілде аралығында жүргізіледі.

Оқуға алдын ала қабылданған үміткерлер тізімі 7 тамызда жарияланады. Үміткер, оқуға жіберген мемлекеттік орган және Академия арасындағы үш жақты келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 18 тамызда оқуға қабылданғандардың қорытынды тізімі бұйрықпен бекітіледі.