• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2010

Президент поштасынан

361 рет
көрсетілді

ТАРИХИ ЕРЛІК ЖАЛҒАСА БЕРСІН

Мемлекет басшысының атына “Болашақ мақсатындағы зерде” халықаралық форумына қатысушылардан ұжымдық хат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Араларында Ресейдің, Бела­русь Республикасының, Тәжік­стан­ның, Қырғызстанның, Из­раиль­дің, АҚШ-тың, Франция мен Швей­ца­рияның азаматтары бар авторлар Қа­зақстан халқы Ас­самблеясының ша­қыруы бойын­ша өздерінің Қа­зақ­станға келіп, “Болашақ мақса­тын­дағы зерде” жобасының шара­ла­рына қатысып, қазақстандық­тар­мен пікірлесе, “АЛЖИР” мемо­риалдық мұра­жайында бола алғаны үшін риза­шылықтарын білдіреді. Халықаралық форумға қаты­су­шылар репрессиялардың бейкүнә құрбандарының жарқын бейнесін сақтауға көңіл бөліп отырғаны үшін  тікелей Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс айтады. “Біз үшін қасиетті орындарға тағзым етуге Сіздің тамаша еліңіз­ге кел­генде Сіз бізбен тікелей кез­де­суді қажет деп тауып, зор көңіл және адами қатыстылық танытады деп ойлай қойған жоқ едік. Сізбен кездесуде біз қазақ хал­қының ізгі жанының бүкіл кеңіс­тігі мен жылылығын шын жүрек­тен сезіндік және сол кезде Қазақ­стан­да болған лагерлер арқылы өткенде біздің ата-аналарымыз неліктен тірі қалғанын, олардың ұрпақтары бізге де ыстық әрі етене болған Сіздің еліңізді неліктен жылылықпен еске алатынын түсінгендей болдық. Қор­қынышты жылдар мен тотали­тар­лық террор құрбандары туралы зердені сақтау үшін Сіз жасап отыр­ған  нәрсе – бұл тарихи ерлік. Біз лагерлердің ор­нында мемо­риал­дық кешендер, ескерткіштер тұр­ғы­зыл­ғанын, Сіздің бастамаңыз бой­ынша міне он жылдан астам уақыт бойы 31 мамыр Қазақстанда Саяси қу­ғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып отырғанын көрдік. Бұл бұрынғының қасіреті қайталанбауы үшін тарихқа қалай қарау керектігі тұрғысы­нан бар­шаға өнеге, бұл рухани бастауды сақтау, бұл – Тағзым тағылымы. Ең бастысы – бұл репрес­сия­лардан өзі де сұмдық зардап шексе де, сол қатал уақытта зорлық көр­ген барлық халықтарды жадында мұқият сақтап келе жатқан қазақ халқының жоғары адамгершілік сезімінің өнегесі. Қазақ халқына рахмет айтып, тағзым етеміз! Біз Сіздің жеріңізден бейбіт­ші­лік пен келісімді көрдік. Соның арқасында Қазақстан миллион­даған адамдар үшін тозақ болған жер аудару мен лагерлер орнынан өр­кен­деген елге айналды. Бұл Тәуел­сіз Қазақстан құрылған сәттен бастап Сіз жүргізіп отырған мем­ле­кеттік саясаттың нәтижесі. Осындай Президенті бар халық бақытты! Сізге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!” – делінген хатта.