• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Шілде, 2023

«ӨКМ Операторының» бұрынғы құрылтайшысы БАӘ-де ұсталды

511 рет
көрсетілді

Іздеуде жүрген «ӨКМ Операторының» бұрынғы құрылтайшысы Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «ӨКМ Оператор» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, қамауға алынды», делінген хабарламада.

Қазір Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатыр.