Әскери полицейлер флешмоб ұйымдастырып, Астанаға деген сүйіспеншілігін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда күніне «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңда Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полициясының әскери қызметшілері өз флешмобын арнады.
Олар Қазақстан жүрегі - Астанаға деген сүйіспеншілігін жүрек түрінде көрсетті.