• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2010

ЖҰМЫСТАР МАҢЫЗЫН АТАДЫ

425 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Норвегия Корольдігінің және Финляндия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Даг Малмер Халворсенмен   және Микко Киннуненмен кездесті. Кездесу кезінде Нұрлан Нығ­ма­ту­лин қонақтарды Қазақстанның  Пре­зиденті, партия Төрағасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың партия алдына жүктеген тапсырмалары, партия қыз­меті, партияның Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламентіндегі фракциясы­ның, барлық деңгейдегі мәслихаттар жұмыстары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, алдағы 5 жылда эко­но­мика саласында басты страте­гия­лық құжат саналатын 2010-2014 жыл­дарға арналған Қазақстанның үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасы туралы да сөз болды. Дипломатиялық миссия жетек­ші­ле­рі Қазақстанның, Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Орталық Азиядағы саяси тұрақтылықты сақтауда, ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікті ны­ғай­туда жүргізіп келе жатқан жұмыс­тарының маңыздылығын атап өтті. Тараптар, сондай-ақ, болашақ бағыттарды сөз ете отырып, алдағы уақытта да қарым-қатынастың жан-жақты дамитынына сенім білдірді. “Егемен-ақпарат”.