• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2023

«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді

178 рет
көрсетілді

Өрт сөндірушілер «Ертіс орманы» резерватында орын алған тағы бір өртті сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысы  ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 шілде сағат 18.56-да Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» МОТР» ММ аумағында шамамен 10 га алаңда құрғақ шөп пен орман өртенген.

- Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ТЖ департаментінен 31 адам мен 12 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталды. Сағат 22:06-да шамамен 13,37 га алаңдағы өрт сөндірілді, - делінген хабарламада.