6 шілдеде Күршім ауданының Құйған ауылдық округіндегі таулы жерде шөп өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
7 шілдеде Қазәуеорманқорғаудың МИ-2 тікұшағы жағдайды бақылау үшін ұшып шықты. Әуеден барлау нәтижелері бойынша жану алаңы болжаммен 20 га құрайды. Барлық нәтижелер өртті сөндіру штабына беріледі. Қазіргі уақытта өрттің таралуы тоқтатылды, жекелеген түтін нүктелерін сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.
- Өртті сөндіруге Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінен және жергілікті атқарушы органдардан 100-ден астам адам мен 15 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Қазгидромет» ақпараты бойынша өрт орнында жел екпіні секундына 2-3 метр, күн бұлтты.