• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Шілде, 2023

Теннисші Жібек Құламбаева финалға шықты

927 рет
көрсетілді

Қазақ теннисші Жібек Құламбаева Штутгарттағы (Германия) ITF турнирінің жұптық сайысында финалға шыға алмады. Ол мексикалық Виктория Родригеспен бірге ойнаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда Құламбаева мен Родригес чехиялық Дениса Гиндова мен Каролина Кубановамен кездесіп, үш сетте ұтылды - 6:3, 6:7 (6:8), 7:10.

Жібек Құламбаева Штутгарттағы турнирді осы жерден аяқтады. Турнирдің жүлде қоры – 25 000 доллар.

Айта кетейік Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 435-орын) Штутгарттағы турнирде жекелей сында да өнер көрсетіп, бірінші айналымда швейцариялық теннисші Надин Келлерден (423-орын) ұтылды - 4:6, 4:6.