• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Тағайындау 10 Шілде, 2023

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

286 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.

2009-2011 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы.

2011-2013 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері.

2018-2023 ж.ж — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.

2023 жылдың 23 мамырынан бастап Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметінде болған.