• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Есірткі 10 Шілде, 2023

Абай облысында бақшасында есірткі өсірген тұрғын ұсталды

375 рет
көрсетілді

Полицейлер ауыл тұрғынынан 4,8 мыңнан астам қарасора бұтасын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 22 маусымында «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу барысында Абай облысы ПД қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткі заттарын заңсыз өсіру фактісін анықтады.

Старая Крепость ауылының маңына келген полиция қызметкерлері қоршалған алқапты байқап, 39 жастағы бақша иесін тапты. Қазіргі уақытта істің барлық жағдайы анықталып жатыр.

«Аталған факт ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ПД.