• RUB:
    5.35
  • USD:
    482.94
  • EUR:
    535.97
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Шілде, 2023

Мәжіліс депутаттары жол құрлысымен танысты

199 рет
көрсетілді

Аймақтарға сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісідепутаттары Снежанна Имашева мен Нартай Сәрсенғалиев Орал қаласындағы Шолохов көшесінің жолын қайта жаңарту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жолды жаңартуды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Оның сапалы әрі өз уақытында аяқталуы партияның тұрақты бақылауында.

Мердігер компания өкілдері атап өткендей, жалпыжоба бойынша жолды кеңейту жұмыстары әр бағытта 3 жолақ салу арқылы кеңейтілмек. Жолдың ұзындығы 6,1 шақырым, жоба құны – 4,2 млрд теңгені құрайды.  

«Біз партияның сайлауалды бағдарламасы аясында қолға алынған іс-шараларға тұрақты мониторинг, яғни бақылау жүргіземіз. Біздің негізгі мақсатымыз – халықпен бірге болып, алаңдатқанмәселелерді құзырлы мекемелерге жеткізіп, заңнамалық деңгейде де реттеуге ықпал ету», деді депутат Нартай Сәрсенғалиев өз сөзінде.

Осы тұста депутат мемлекеттік сатып алуларға қатысты заң жобасы да жетілдіруді қажет ететіндігін атап өтті.