• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2010

БЕРЕШЕКТЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

444 рет
көрсетілді

БЮДЖЕТ ЕСЕБІ ОСЫНЫ КӨРСЕТІП ОТЫР Алдымен депутаттар алдында баяндаманы Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Респуб­ли­ка­лық бюджеттің атқарылуын ба­қы­лау жөніндегі есеп комитетінің төр­ағасы Омархан Өксікбаев жа­сады. Қаржы министрі республи­ка­лық бюджет заңнамасындағы 44-баптың 25-і орындалғандығын ерекше атап өтті. Ұлттық қордан бөлінген трансферттер мен Үкі­мет резервіндегі қаржылар толық қарышталмаса, оны жұмсау біздің басты міндетіміз болған жоқ, дейді Болат Бидахметұлы. Үкімет 2009 жылдың қорытындысы бой­ынша бюджеттің шығыс бөлігін 98,2 пайызға орындаған, ал 60 миллиард теңге игерілмей қал­ған. Әйтсе де, Үкімет алдына қой­ылған міндеттер орындалды деп санайтындығын ортаға салды қаржы министрі. Комитет төрағасының баян­дамасы Үкіметтікімен үндесіп жатқанымен, Омархан Нұртайұлы бірқатар кемшіліктерге назар аудартты (оның сөзі бөлек беріліп отыр). Республикалық бюджеттің орындалуын талқылау барысында депутаттар баяндамашыға көпте­ген сұрақтар қойып, тиісті ұсы­ныс­тарын ортаға салды. Сөйтіп, қызу талқыдан өткен бюджеттік есеп Сенатқа жіберілді. Сол сияқ­ты бірқатар кедендік заң жоба­лары қолдау тауып, тиісті өзге­ріс­терімен Жоғарғы палатаға жол тартты. Ал жалпы отырыста бірқатар жаңа заң жобалары заңмен жұ­мыс істеу өндірісіне алынды. Атап айтқанда, “Уақытша әкелу ту­ралы конвенцияны ратифи­ка­ция­лау туралы”, “Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі мен Ауған­стан Ислам Республи­ка­сы­ның Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақ­тас­тық туралы келісімді ратифика­ция­лау туралы”, “Кеден одағы комиссиясының Кедендік статис­тика орталығы мәртебесі туралы хаттаманы ратификациялау ту­ра­лы”, “Сыртқы сауда статис­ти­ка­сы мен өзара сауда статистика­сы­ның деректерін беру тәртібі ту­ралы хаттаманы ратификациялау туралы” заң жобалары бойынша Мә­жілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік коми­теті қорытынды әзірлейтін болады. Сондай-ақ депутаттар “Қазақ­стан  Республикасының  Үкіметі мен  Қытай  Халық Республи­ка­сы­ның Үкіметі арасындағы Қа­зақ­стан-Қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өт­кі­зілетін энергия ресурстарын ке­дендік бақылау туралы келісімді ра­тификациялау туралы” Қазақ­стан Республикасы заңының жо­басына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістерді және “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша Қа­зақстан Республикасы Парла­менті­нің Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктерді ең­серу жөніндегі келісім комис­сиясының ұсыныстарын қарады. Жалпы отырыста күн тәрті­бі­не енгізілген өзге де заңдық құ­жаттар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.