Теміртауда пәтерден өрт шығып, екі адам көз жұмды. Адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 шілдеде сағат 19:57-де Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы 9 қабатты үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Өрт сөндірушілер 1991 жылғы пәтер иесі және оның 2015 жылғы жиенін шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Алайда реанимациялық шаралар зардап шеккендерге көмектеспеді. Ер адам мен қыз бала қайтыс болды.
Өрт сөндірушілер баспалдақпен 8 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
Өрт 20:33-те сөндірілді.