Қазақстан теннисшісі Уимблдонның ширек финалында Тунис теннисшісі Онс Жаберден ұтылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Матч 1 сағат 54 минутқа созылды. Есеп - 7:6 (7:5), 4:6, 1:6.
Өткен жылғы Уимблдон чемпионы Рыбакина ойын барысында 7 эйс жасады, 3 қос қателікке жол берді және 9 брейк-пойнттың екеуін ғана сәтті жүзеге асыра алды. Онс Жабер болса, 8 эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және 9 брейк-пойнттың бесеуін сәтті орындады.
Осылайша былтырғы Уимблдон финалында Рыбакинадан ұтылған Жабер реванш жасады.
Финалға шығу үшін енді Жабер беларусь теннисшісі Марина Соболенкомен ойнайды.