• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Көрме 12 Шілде, 2023

Сәулет пен суретті тең ұстаған

359 рет
көрсетілді

Ұлттық музейде­ Суретшілер мен Сәу­лет­­шілер одағының мүшесі, бел­гілі қылқалам шебері Берік Мол­жі­­гіттің «Менің әлемім» атты же­ке көрмесі өтіп жатыр.

Көрмеге талантты суретшінің 80-нен астам кескіндемелік және графикалық жұмысы қойыл­ған. Мұнда автор өзінің бала­лық шағынан бастап, таби­ғат сұлу­лы­ғы мен адамдар­ арасындағы қара­пайым қарым-қатынас және қала­дағы өзіміз байқай бермейтін қым-қуыт тіршілікті қылқалам тілі­­мен көркем сөйлете білген. Кар­ти­наларының бояуы қанық, образға бай. Әсіресе қылқалам шебе­рінің «Дала корридасы», «Ботани­калық бақ» атты циклді топта­масынан бастап, «Терезе алдын­да», «Күзгі терек», «Түнгі қала», «Айлы түн», «Күннің батуы», «Ескі жол», «Автопортрет», «Жусан» секілді майлы бояумен сал­ған еңбектерінен оның жан-дүние­сінің тазалығы мен өнерге деген адалдығын тап басып танисыз. Сондай-ақ туындыгердің адам­ды қиял әлеміне жетелейтін сәу­лет өнеріндегі композицияла­ры­ да әсемдігімен көз тартып, бау­рап­ әкетеді.

Мәдени іс-шараның ашы­луында танымал сәулетші Серік Рүстембеков пен қоғам қайраткері Дархан Мыңбай көрме иесінің сан қырлы талантына тоқталып, оның кәсіби сәулетшілігі мен суретшілігі туралы сөз қозғады. Суретшілер одағы Астана қаласындағы филиалының төрағасы Қоңыр Мұхамедиев жылы лебізін жеткізді. Белгілі суретші Қалиолла Ахметжан әріптесін сәулет пен бейнелеу өнерінде өз қолтаңбасы бар, ерекше талант иесі деп бағалады.

Іс-шара соңында сөз алған Берік Молжігіт көрмеге 1993 жыл мен 2013 жыл аралығындағы туындыларының ең таңдаулысы ұсынылғанын айтты.

«Менен көпшілік «Сіз сурет­шісіз бе, әлде сәулетшісіз бе?» деп сұрайды. Шынымды айтсам, бойымдағы екі­ өне­рім­ді «мынау – артық, анау – кем»­ деп бөле алмаймын. Әркім өзіне ұнаға­нын­­ көреді. Әртүрлі стильде жұмыс істе­­­генді ұнатамын. Бір стильде 10-15 жыл жұмыс істегеннен кейін оны әрі қарай жалғастыра алмаймын. Қысқасы, көңілім нені қалайды, соны істеймін», деп көрмеге келген қауымға ризашылығын білдірді.

Көрме 6 тамызға дейін жал­ғасады.