• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Шілде, 2023

Ағыл-тегіл хабарлама

162 рет
көрсетілді

Ауызды қу шөппен сүрте бергеннен айналаң гүлденіп кетпейтіні анық. Барды бағалап, жыртықты жамап, тесікті бүтіндей түсу өркениет көшіне ілескен халықтың әрекеті болса керек. Біздің айтпағымыз – еліміздің технологиялық әлеуетінің кішкентай бір бөлігі. Оның әлеуметке тигізіп жатқан аз-кем пайдасын пайымдау.

Технология саласындағы әрбір жылт еткен жаңалықты елең қыл­май өту мүмкін емес. Өйткені оның маңызы – күнделікті тұрмыста кәде­ге жарауында. Қазір болашақтың ғылыми болжамына бойлау мүмкін емес болып барады. Адам қиялы жеткеннің бәріне қол жеткізе алатынын көріп келеміз. Тіпті футуролог ғалымдарың пайымынша, алда адамдардың өмірінде құпия қалмайтын тәрізді. Бұған қоса алда не болатыны да күні бұрын ескеріліп отырмақ. Біздің елде де мұндай жетістіктердің алғашқы легі төбе көрсете бастады. Мәселен, жуырда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бір-екі жаңалықтың ше­тін шығарды. Олардың сөзіне сен­сек, алда құжаттардың жарамды мерзімінің аяқталуы туралы, жақындарыңыздың туған күндері тағы басқа маңызды күндер тех­но­логияның көмегімен алдын ала, өздігінен ескеріліп отырады.

Олардың айтуынша, әртүрлі құт­тықтау хаттар мен ескертулер eGov Mobile қосымшасындағы push хабарламалары арқылы жіберіле­ді. Тіпті, үйлену тойы туралы алдын ала хабардар етілетін көрінеді (хабар­лама мерейтойға дейін 3 күн бұрын жібе­ріледі). Сондай-ақ ха­бар­ламалардың мәтіннен басқа, тиісті қосымшаны немесе сервисті ашып, құжатқа қол қоя алатын тетіктер пайда болды.

«Ұлттық ақпараттық техноло­гия­лар» АҚ төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, азаматтар белгілі бір мемлекеттік қызметтерді немесе проактивті қызметтер туралы хабарламаларды алу бойынша ұсыныстар алады.

– Қазір Invisible Government тұ­жырымдамасы аясында мемлекет азаматтарға әртүрлі өмірлік жағ­дай­ларда өздігінен көмектеседі, қыз­метті өз бетінше ұсынады, оның қа­жеттіліктерін қамтамасыз етеді. Халқымыздың өміріндегі маңызды күндерін еске түсіру үшін біз eGov Mobile қосымшасында push хабарламаларын іске қостық. Онда көптеген функция бар, – дейді ол.

Сонымен қатар eGov Mobile қо­сым­шасы жақын арада хабар­лан­дырулардың жаңа санатта­рын қоспақ және әдеттегі хабарлама­лардан өзге ұсынылатын қызметке өту үшін жаңа батырмасы бар проактивті қызметтер қолжетімді болмақ. Мұндай хабарландыруларды Push мобильді қосымшасының «Хабарландырулар» бөлімінен кө­руге болады. Егер қосымша орна­тылмаған болса, 1414 нөміріне хабарласу арқылы қосымшаны жүктеп алуға мүмкіндік бар. Мобильді қосымшаны iOS жүйесін пайдаланушылары App Store платформасынан, сондай-ақ Android жүйесін пайдаланушылары Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады.