• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2010

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

695 рет
көрсетілді

2010 жылғы 3 маусымда Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылар кеңесінің отырысы болды. Күн тәртібі Қазақстан Респуб­ли­касының ақпараттық қауіпсіздігі туралы, көлік қауіпсіздігінің жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы және Қа­зақстанның транзиттік әлеуе­ті­не төнетін қатерлер туралы мә­селелерді қарастыруды қамтыды. Сарапшылар ақпараттық қауіп­сіздік саласындағы жаһандық үр­діс­терге байланысты сынақтар мен проблемаларды атап айтты. Олар­дың пікірінше, ақпараттық қауіп­сіз­діктің маңызды бір қыры ақ­па­раттық ресурстарды нығайту және дамыту, олардың ішкі мазмұнын күшейту, сондай-ақ Қазақстанның кибернетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Пікірталас барысында сарапшылар мемлекеттің отандық медиа-ин­дус­трияны, спутниктік, цифрлық теле және радио хабарларын таратуды, Интернет желісінің  қазақстандық сегментін дамытуды ынталандырудың маңыздылығын айрықша атап көрсетті. Отырыста көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кешенді көз­қарас проблемасына ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан қоғамының тұрлаулы қызмет етуінің аса маңызды бір қыры елдің көлік-ком­муникациялық инфрақұры­лы­мын дамыту болып табылады. Кө­лік қауіпсіздігі осы заманғы гео­саяси жағдайларда мемлекеттік мүд­делерді ұзақ перспективада қам­тамасыз ету мәселесі болып табылады. Сарапшылық бағалауларға сәй­кес Қазақстанның зор өткізу ры­ногы бар мемлекеттермен көрші болуы Шығысты Батыспен, Сол­түстікті Оңтүстікпен жалғасты­ра­тын маңызды геоэкономикалық өңір ретінде қазақстандық транзит әлеуетін әлдеқайда арттыра түседі. Ғалымдар отандық көлік инфра­құрылымы мен көлік-логистика жүйесін жедел дамыту мен жаң­ғыртудың, сондай-ақ Қазақстан­ның транзиттік әлеуетіне төнетін қатерлерді бейтараптандыру қа­жет­тігін атап көрсетті. Отырысты қорытындылай келе Сарапшылар кеңесінің төрағасы М.М.Тәжин елдің ақпараттық және көлік қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету проблемасына жан-жақты және кешенді талдау жасау қа­жет­тігін, Қазақстанның транзит әлеуе­тін тиімді дамытудың, сон­дай-ақ ғылыми-сарапшылық қау­ым­дастықтың осы мәселелер бой­ынша нақты ұсыныстар әзір­леуі­нің маңыздылығын атап көрсетті. ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылар кеңесі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ғылыми-әдісте­мелік ұсыныстар әзірлеу мақ­сатымен ғы­лыми, сарапшылық зерттеулер орындайтын ғылыми-консуль­та­тивтік орган болып табылады. Жетекші ғалымдар, талдама­шылар, ғылыми-зерттеу орта­лық­тары мен үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері кеңестің мүшелері болып табылады. Сарапшылар кеңесінің тал­қы­лауы барысында күн тәртібінің мәселелері бойынша ұсынымдар берілді. Олар Қазақстан Респуб­ликасы Қауіпсіздік Кеңесінің және ҚР ҚК-нің ведомствоаралық комиссияларының жұмысында пайдаланылатын болады. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы.