• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Шілде, 2023

Астананың Сарыарқа ауданында жаңа жағалау ашылды

354 рет
көрсетілді

Сарыарқа ауданында жеке инвестициялар есебінен Шабал Бейсекова көшесіндегі көпірдің жанында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы абаттандырылған аумақ – 0,96 гектарды құрайды. Жағалауда қала тұрғындары үшін түрлі демалыс алаңдары орналастырылған, оның ішінде:

амфитеатр; балалар және спорт алаңдары; велосипед, жүгіру, серуендеу жолы; баскетбол, волейбол, футбол алаңы; өрмелеу алаңы; скейтпарк бар.

Аудан бойынша абаттандыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. Құрылыс маусымы басталғалы Көктөбе көшесінде (Көктал-1 елді мекені) және Фахд бен Абдул Азиз көшесінде (Агроқалашық елді мекені) қоғамдық кеңістіктер жайластырылды.

Сонымен қатар «Шапағат» СҮ және Желтоқсан-Бұқарбай батыр-Бейбітшілік көшелерінде жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

Бұған дейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың оң жағалауы қалай көркейетінін айтқан еді. Оның айтуынша биыл қаланың оң жағалауында 130-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Қазірдің өзінде 50-ге жуық орында тиісті жұмыстар аяқталған.