• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Шілде, 2023

Ендігі меже – «EXPO – 2025»

373 рет
көрсетілді

«QazExpoCongress» ҰК» АҚ басшылығы EXPO 2025 Osaka ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның көрмеге қатысу шартына қол қойылды. Біздің ел тарапынан бұл шартқа Ұлттық секцияның бас комиссары Дәулет Еркімбаев, Жапония тарапынан қауымдастықтың бас хатшысы Hiroyuki Ishige, EXPO 2025 Osaka Дүниежүзілік көрмесінің бас комиссары Koji Haneda қол қойды.

Жапонияда өтетін EXPO 2025 көрмесіне дайындықты бастап кеттік. Қазір ұйымдастыру мәселелері мен «Өмірлерді құтқару» тақырыптық кластерінде орналасатын павильонымызды толық пысықтап жатырмыз. Оның басталуына әлі екі жыл бар болғанымен, іс жүзінде уақыт аз қалды. Көрме 2025 жылы 13 сәуірде ашылып, 13 қазанда аяқталады. Ұйымдастырушылардың болжамынша, көрмеге әлемнің 150 елінен 28 миллионнан астам адам келіп, 25 халықаралық ұйым өкілі қатыспақ, – деп атап өтті Д.Еркімбаев.

Еске сала кетейік, EXPO 2025 өтетін орын Осакадағы Юмешима жасанды аралы болып белгіленді. «Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» деп аталған көрме «Өмірлерді құтқару», «Құқық пен мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірлерді біріктіру» атты үш тақырыпқа бөлінген. Көрменің жалпы ауданы шамамен 155 га құрайды. Қазақстан павильоны Италия, Нидерланд, Сингапур және Болгария павильондарымен көршілес орналасады.