• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

355 рет
көрсетілді

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы өз резиденциясында Еуропа Қайта құру және даму банкінің президенті Томас Мироуды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу кезінде Қазақстан Республикасы мен ЕҚДБ арасындағы даму перспективасы мен халықаралық экономикалық қарым-қатынастар мәселесі талқыланды. – Мен Президентке Еуропа Қайта құру және даму банкінің тарапынан қазақстандық экономиканы әртараптандыруды жаңғырту бағдарламасы аясында қолдау көрсету туралы баяндадым және даму жалғасын табатын болады, – деді Томас Мироу кездесуден кейін журналистерге.