• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Шілде, 2023

Мұғалімдерге – шипажай жолдамасы

264 рет
көрсетілді

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық филиалы 51 мұғалімге еліміздің шипажайларына жолдама берді. Олардың қатарында арнайы түзетілім орталықтарының қызметкерлері, ауыл мектептерінде ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаздар бар.

Мәселен, кәсіподақ жолда­масы­мен Алға ауданынан – бес, Әйтеке би ауданынан – үш, Байғанин ауда­ны­нан – төрт, Қарғалы ауданы­нан – екі, Қоб­да ауданынан – екі, Мәр­төк ауда­нынан төрт мұғалім та­би­­­­ғаты жайлы «Мерке» шипажа­йын- да ты­нығып келетін болды. Білім кәсіп­одағы мек­теп мұғалім­де­рімен қоса қо­сым­­ша білім беру ұйымдарында ең­бек етіп жүрген 19 әдіскерге «Ден­саулық» шипажайына жолдама тапсырды.

Мектеп жасындағы балалар­ды шығар­машылыққа баулып, олар­дың бойындағы қабі­лет­терін ашып, тұл­ғалық жағы­нан жетілдіруде қосым­ша білім беру мекемелерінің үлесі қан­дай зор болса, денсаулығында кінә­раты бар балаларға арналған мекеме қыз­меткерлерінің сырт көзге байқал­майтын еңбегі өте күшті.

Бұл жолы кәсіподақ жолдамасы то­ғыз аудандағы психо­ло­гиялық-педа­гогикалық түзетім кабинеті, сөй­леу тілінде күр­де­лі бұзылыстары бар бала­­лар­ға арналған балабақша, об­лыс­­тық және қалалық психология­лық-меди­циналық-педагогикалық ке­ңес беру ұйымы, оңалту орта­лығының бірнеше әдіс­керіне берілді.