• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Шілде, 2023

Ұшақ бортында темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды

312 рет
көрсетілді

Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция қызметкерлері ұшақ бортында темекі шеккен ҚХР-ның 48 жастағы азаматын анықтады.

Аталған факт бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.