• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Шілде, 2023

Астанада екі көше жөндеуге жабылады

204 рет
көрсетілді

Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Обаған және Кеңгір көшелерінің қиылысында инженерлік желілер салу бойынша жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 24 шілдеден 6 тамызға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», деп ескертті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.