Жамбыл облысындағы ауыл тұрғыны Орынбасар Көбеев үй іргесіндегі жұмыстарға ыңғайлы шағын трактор құрастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аса ауылында тұратын Орынбасар Көбеевтің техникасы қазір жер аударып, қи шығарып, басқа да үй шаруасына жарап тұр. Негізгі мамандығы дәнекерлеуші болса да, бақша егіп, мал шаруашылығымен айналысатын оған қыстыгүні жем-шөп тасып, қи шығару едәуір қиындық тудырғандықтан қора- жайға сыйымды болатын трактор жасауды қолға алыпты. Ол трактор шанақтарын қалдық темірлерден құрастырып, бөлшектерін ескі көліктен алған.
Ол техникаға «Барыс-86» деген атау берген. Өнертапқыштың сөзінше, шағын тракторы 200 келіге дейін жүк көтеріп, 2 тонна болатын көлікті сүйрей алады.
Өнертапқыш Орынбасар Көбеев шағын тракторымен көрші-қолаңдары мен ауылдас ағайынға да қолғабыс етіп жүр.