• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Шілде, 2023

Қарағанды облысында мұнай өнімін жымқырған тұрғындар ұсталды

238 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында 12 миллион теңгеге жуық мұнай өнімін қолды қылған ауыл тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне мұнай өнімдерін көтерме жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығы арызданды.

Белгілі болғандай, аталған серіктестік жанар-жағармай сату станциясымен мұнай өнімдерін сатып алу келісім-шартына қол қойған.

Бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу барысында 11 миллион 893 мың теңге ақша жетіспеушілігі анықталған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 пен 40 жас аралығындағы екі ауыл тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.