• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Білім 24 Шілде, 2023

Мектеп оқулықтарының 80%-ы цифрлық нұсқаға көшірілді

316 рет
көрсетілді

Мектеп оқулықтарының 80%-ын құрап отырған цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты орта білім комитетінің хабарлауынша, оқулықтарды әзірлеу жұмыстарына еліміздің 11 баспасы тартылған. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтер үшін әдістемелік ұсынымдар даярланған.

«Бүгінде еліміздегі бастауыш сынып оқулықтары - 94%, 5-9-сынып оқулықтары - 81%, 10-11-сынып оқулықтары 61% электронды нұсқаға көшірілді. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған», деді орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Мектептерде электрондық оқулықтармен қатар қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылып жатыр.

Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалған.