• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Шілде, 2023

Шымкентте қала әкімдігінің алдында орналасқан субұрқаққа бала батып кетті

212 рет
көрсетілді

Шымкентте 10 жасар бала қала әкімдігінің алдында орналасқан субұрқаққа батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 24 шілде күні сағат 19:14-те болған. Қаратау аудандық унитарлық кәсіпорнының 102 пультіне қалалық әкімдік ғимаратының алдындағы субұрқақта бала қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 10 жасар жасөспірімнің абайсызда суға түсу кезінде суға батып кеткенін анықтады. Тексеру кезінде баланың денесінде көзге көрінетін жарақаттар табылмады.

Кәмелетке толмаған баланың өлім фактісі ІІБ ТЖД-да тіркелді.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.